«Гарант 24 Ломбард» ЖШС-ға сеніп, жарнама жасаған жұлдыздар халық алдында ақталып әлек (ВИДЕО)

Осы компанияға жарнама жасап, кейін сан соғып қалған жұлдыздардың қатарында әнші Айқын Төлепберген, вайнер Мейіржан Төребаев, актерлер Артур және Асылхан Төлеповтер бар. Бұл туралы  Skifnews.kz хабарлады.

Осы компанияға жарнама жасап, кейін сан соғып қалған жұлдыздардың қатарында әнші Айқын Төлепберген, вайнер Мейіржан Төребаев, актерлер Артур және Асылхан Төлеповтер бар. Олар Instagram әлеуметтік желісіне халықтан кешірім сұрап, видеоүндеу жүктеп жатыр.

«Бұл компанияға ешқандай қатысым жоқ. Сіздер сияқты мен де алданып қалдым. Компанияға мені досым алып барды. Ол «көлігіңді қымбатқа сатып, арзанға басқа көлік сатып аласың» деді. Құжатын көріп, көз жеткіздім. Келісімшарты да көрдім. Көп көлік пен пәтер сатын алынғанын да көрдім. Бұл жерде мен ломбард деп ойладым. Кәдімгі қымбат бағаға өткізуге болады деп ойладым. Мен өзім арзан бағаға көлік күттім. Алдандым. Досым да алданғанын айтып отыр. Осы арқылы кейбір достарым арзан бағаға көлік алып, кейбір достарым шын мәнінде көліктерін қымбатқа сатты. Сондықтан олардың жарнамасына түскен едім», — деп ақталды Айқын Төлепберген.

Ағайынды Төлеповтер 13 миллион теңгеге шығындалғанын жасырған жоқ.

«Біріншіден, баршаңыздан осындай жарнамаға қатысқанымыз үшін кешірім сұраймыз. Біз де сіздер секілді алдандық, бізді де алдап соқты. Бізді танысымыз арқылы жарнамаға шақырды, біз де жарнамаға түспес бұрын әріптестерімізден сұрадық. Олар тақтайшаға жазып бәрін көрсеткен. Системасын көрсетті. Құжатын, барлығын көрдік. Біз де таңғалдық нарықтағы бағадан арзан сатып, сіздерден қымбат сатып аламыз деген сияқты. Біз таңғалғаннан кейін қызығып, жарнамасына түсіп, біз де қазіргі таңда жәбірленуші атанып отырмыз», дейді Артур Төлепов.

 

 

 

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*