Басты жаңалықтарДенсаулық

8 оқушы менингит диагнозымен инфекциялық ауруханаға түсті

Инфекцияны жұқтырғандар арасында Астанадағы  №23,71, 75, 79-шы орта білім ордаларының, сондай-ақ Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары бар. Мұндай ақпаратты Елорданың бас санитар дәрігері жариялады. Кейбір білім беру ұйымдарының ата-аналары осы мәселе бойынша қол жинап жатқан көрінеді.  Бұл туралы «Евразия» телеарнасы хабарлады

Астана мектептерінен 8 оқушы менингит жұқтырды деген ақпарат шыққан бойда, елордалық бас санитар атаған мектептердің біріне бардық. 75 мектеп –гимназиясы сол жағалауда, керемет жерде орналасыпты. Қаннен қаперсіз отырған ұжым басшылығы бізді есік алдынан күтіп алды. Басында әдеттегідей бәрін жасырмақ болған…

Директордың орынбасары бар, 3-4 адам жанымызға еріп жүріп, дәрігердің бөлмесіне алып барған. Бірақ, мектептің медигі ешкімді пысқырмайды екен.

Әдеттегідей директор әлдебір курсқа кетіп қалыпты-мыс. Бірақ, мұғалімдердер әңгімесінен бастық іште дегенді құлағымыз шалып қалды. Телеарна түсіріп жатыр дегенді естіп, тағы орынбасары жетіп келді бізге.

ГҮЛНАР БЕКІШОВА — №75 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
–Ну вот, я тоже не буду отвечать. Жоқ деп айтып тұрмын ғо.

Ешқандай менингит жоқ деп дауысы да өктем шыққан директордың орынбасары сәлден сабасына түсіп, мән-жайды баяндап берді.

ГҮЛНАР БЕКІШОВА -МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Екі случай. Біреуі уже шықты. Біреу жатыр больницада.

Мектеп-гимназияда көп бала көрінбейді. Оқушылардың дені медициналық маскамен жүр.

ЭЛЬВИРА РАТОВА — 75 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
-Бірінші вирусты минингит деген қандай екенін біліп алып, сосын осы мектепке келу керек қой. Бізде ауырып жатқан балалар вирусты минингтипен жатыр. Біреуі жазылып шықты, екіншісінің сараптамасы бүгін шығады.

Бұл мектепке жайдан жай келген жоқпыз. Әлеуметтік желіде менингитке алаңдаушылық танытқан осы гимназия ата-аналарының арызы жүр. Директордың екі орынбасарының сөзінше, бүгін түсте ата-аналар жиналысы өткізіліпті. Әзірге мектеп карантинге жабылмайды.

СӘДУАҚАС БАЙҒАБЫЛОВ – ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
«Қазіргі таңда Астана қаласының балалар инфекциялық ауруханасында 8 мектеп оқушысы емделіп жатыр. Оларға алдын-ала вирустық менингит деген диагноз қойылды және олар Астана қаласындағы әртүрлі мектепте білім алып жатыр. Аталған ауруханаға 5-16 қазан аралығында келіп түсті. Қазіргі сәтте жетеуінің жағдайы тұрақты, ал біреуінің жағдайы — орташа ауыр. Оқушыларға симтомдық және вирусқа қарсы ем түрлері жасалып жатыр»

Елордалық бас санитардың сөзінше, менингиттің бұл түрі аса қауіпті емес. Ең бастысы үйде ем алу қажет екен. Өткен 9 айдың ішінде Астанада вирустық менингит бойынша 196 адам тіркелген, оның 85-і оқушы.

АРТУР МАҒЗОМОВ – ТІЛШІ:
«Қазіргі таңда бұл гиназияда 3 мыңнан аса бала білім алады екен. Бірақ мектептің айналасы тым-тырыс, тып тыныш. Құдды бір каникул сияқты. Жан баласы көрінбейді. Басшылық жуып шайғанымен, ата-аналар балаларын мектепке жібермей жатқан сыңайлы».

 

Басқа материалдар

Back to top button