Басты жаңалықтарБілім
15 жыл отырған Еуразия ұлттық университетінің ректоры қашан ауысады?

Еуразия ұлттық университетін 2011 жылдан бері басқарып отырған ректор Ерлан Сыдықов қашан ауысады? Дәл осы сұрақты pikirmedia.kz порталының өкілі Ғылым және жоғары білім министріне қойды.
Министр Саясат Нұрбектің айтуынша, негізі ректорлар үш жылға тағайындалады. Ол мерзім біткен соң министрлік келісім шартты тағы да үш жылға созуға құқылы. Бірақ мұндай мүмкіндік бір-ақ рет беріледі. Одан кейін конкурс арқылы тағы да ректор бола алады. Байқауға қатысуға шектеу жоқ екен.
Саясат Нұрбектің сөзінше, Сыдықовтың ректорлығы келесі жылы бітеді.
Баспасөз брифингінде Ерлан Сыдықов «экс-президентті мақтағаны үшін ұзақ отыр ма? дегенде қауесет бар екені де айтылды.
А.Нәби
ФОТО: Ашық дереккөз



