Басты жаңалықтарҚоғам
Снежанна Имашева ҚР Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болып тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Снежанна Валерьевна Имашева Қазақстан Республикасындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың әлеуметтік желідегі парақшасында.
Президент жуырда Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шарада отбасын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымын енгізу туралы айтқан еді.
Отбасы омбудсмені Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының бірінші орынбасары ретінде қызмет етіп, атқарылған істер туралы Мемлекет басшысына есеп беріп отырады.
А.Нәби
ФОТО: Ашық дереккөз



