Тука атымен танымал Нұржан Төлендиевтің қыз зорлағаны рас па?

Белгілі актер Бауыржан Ибрагимов әріптес інісі Нұржан Төлендиевке бірталай қамқорлық жасаған. Бұл туралы ол тележүргізуші Аман Тасығанға берген сұхбатында мәлімдеді.
Бауыржанның сөзінше, Нұржан Төлендиев гастрольдік сапардың бірінде қонақ үйде жатып, осындай жігіттерді арбап, ақша бопсалайтын қыздардың құрығына түсіп қалыпты.
-Туканы қорғап, алып шыққаным рас. Оны ағасы да, өзі де келіп, рахметін айтты. Бірақ ақша бергенім өтірік. Мен анау қызды үш күн ұстап отырдым. Үйіме бармастан қасында бодым, себебі оның тегін қыз емес екенін білдім. Сондаймен айналысатын бәлелер болып көрінді көзіме. Менің жасағаным ол кезде ерлік емес, қасымда жүрген ініме, талантті жігітке көмегім. Полиция құрылымдарының басшыларына барып, жүгіріп жүрдім. Ана қыздан кешірім жазыдып алу қиын болды,-деді Бауыржан Ибрагимов.
А.Нәби
ФОТО: Ашық дереккөз



