Басты жаңалықтарВидеоСаясат

Назарбаев сөйлеп жатқанда төбеден қар құлады — видео

Елордада  «Astana club-тың» отырысы  кезінде күтпеген жағдай болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Қазақстанның тұңғыш президенті сөйлеп жатқанда Назарбаев орталығының төбесіндегі қар төмен қарай сырғып түсті. Шыны күмбездің астында отырған халықаралық сарапшылар бас кезінде не болғанын түсінбей қалды. Осы кезде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның сыртқы және ішкі саясаты жайында айтып жатқан. Ал сырғып жатқан қардың алғашқы дауысын естігенде бірден оның себебін түсіндіруге кірісті.

«Бұны Норман Фостердің жобасы бойынша әдейі солай салды. Шыны қызғанда қар төмен қарай кетеді (күлді)…Сондықтан біз өз саясатымызды өзгертпейміз. Ол көпвекторлы болып қала береді», — деп түйіндеді сөзін Назарбаев.

 

Басқа материалдар

Back to top button