Халықтың қарызы едәуір азаяды
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында несие беру, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заң жобасы қаралды.
Бұл құжат 6-ші наурызда Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданңан еді. Бүгін екінші оқылымда тағы талқыланды.
«Бүгін өте маңызды әрі қажет заңды қабылдадық. Шынымен де кейінгі кездері шамадан тыс кредит алу халықтың ішінде үлкен проблемаға айналып отыр. Мемлекет басшысы бұл мәселеге алаңдайтынын бірнеше мәрте айтқан еді. Президент Жолдауында нақты тапсырма да берілді. Бұл тұрғыда депутаттар осы заңды әзірледі», — деді Мәжіліс төрағасы
Заңның негізгі мақсаты — азаматтардың шамадан тыс кредит алу тәуекелдерін азайту және олардың проблемалық берешегін реттеу жөнінде шаралар қабылдау, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау.
«Осы заңда қарастырылған жаңа нормалар қазақстандықтардың қарызға батуының алдын алуға жағдай жасайды. Сонымен қатар, адамдарды коллекторлардың дөрекі іс-әрекеттерінен қорғайды. Жалпы алғанда, қабылданған заң халық арасында қарыз көлемінің едәуір азаюына септігін тигізетініне сенімдіміз. Азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартып, оларға қаржылық еркіндік пен сенімділік беретіні сөзсіз», — деді Е. Қошанов.
ФОТО: Ашық дереккөз
А.Орынғалиұлы