Басты жаңалықтарВидеоҚоғам
Семейде сауда орталығы өртеніп, тұрғындар балаларын іздеп абыр-сабыр

Семейде Шұғаев көшесінде орналасқан ойын сауық, сауда орталығы өртенді. Әлеуметтік желіге, мессенджерлерге сол жерде жүрген тұрғындардың, куәгерлердің түсірген видеолары тарап жатыр. Сауда кешеніне келген ата-аналардың өрт кезінде сыртқа жүгіріп, балаларын шарқ ұрып іздеп жатқанын байқауға болады.
Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаевтың айтуынша, адам аман, зардап шеккендер жоқ. 6 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның бесеуі дәрігердің тексеруінен кейін үйіне жіберілген. 2007 жылғы бір қыз бала ауруханаға жатқызылды.



