Басты жаңалықтарТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Түркістандық әскерилердің 2024 жылғы жетістіктері

 2024 жылы Түркістан облысының әскери қызметі бірқатар маңызды оқиғалар мен ерліктерге толы болды. Оның ішінде, әскерге шақыру науқанының табысты өтуі.  2024 жылдың көктемінде Түркістан облысында 4 500 жас азамат әскерге шақырылды. Бұл көрсеткіш өңірдің қорғаныс қабілетін нығайтуға және жастарды отаншылдыққа тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам болды. 

Жеңіс күніне арналған іс-шаралар тоқталар болсақ, 9 мамырда Түркістан қаласындағы “Жеңіс” саябағында Ұлы Жеңістің 79 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды бастаған шараға соғыс және тыл ардагерлері, әскерилер, жастар және қала тұрғындары қатысты. Іс-шара барысында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, олардың ерліктері ұлықталды. 

Әскери қызметшілердің әлеуметтік қолдауын да айта кеткен жөн болар. 2024 жылы Түркістан облысында әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында бірқатар шаралар қабылданды. Мысалы, облыс әкімі Дархан Сатыбалды 102 жастағы ардагер Немет Әбдірасиловтың үйіне арнайы барып, оған сый-құрмет көрсетті. 

Сондай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің жетістіктерін де атап өткен жөн болар.  2024 жылдың 19 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті Сарыағаш аудандық шекара басқармасы “Қызыләскер”, “Бірлік”, “Қарасу” және “Қарақұм” шекара заставасының қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз тасымалдау әрекетінің жолын кесіп, 1,5 тоннадан астам есірткі заттарын тәркіледі. 

Ең бастысы атап өтетіні, әскери қызметшілердің ерлігі.  Биыл Түркістан облысының әскери қызметшілері түрлі төтенше жағдайларда белсенділік танытып, халыққа көмек көрсетті. Мысалы, Төлеби ауданында толассыз қар жауған кезде ауданның коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшіп, көшелерді тазалау жұмыстарын жүргізді. Әскери қызметшілер осы жұмыстарға қатысып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. 

2024 жылы Түркістан облысының әскери қызметі жастарды әскерге шақыру, ардагерлерге құрмет көрсету, есірткі тасымалдау әрекеттерін тоқтату және төтенше жағдайларда халыққа көмек көрсету сияқты маңызды шаралармен ерекшеленді. Бұл оқиғалар өңірдің қорғаныс қабілетін нығайтуға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдар болып табылады.

З.Рахмет

Басқа материалдар

Back to top button