Мектептің шатыры құлады

Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында қатты желден Маштексай ауылындағы мектептің шатыры құлады.  Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушысы Айболат Букенов өзінің парақшасына  жариялады.

Осы жазбаның астындағы комменттерге қарағанда, Маштексайдағы мектептің төбесі осымен бірнеше рет құлап отыр. Пікір жазушылардың бірқатары жөндеу жұмыстарының сапасыздығын сынға алса, кейбіреулер профлист қаңылтырларының ауылдық жердегі құрылысқа қолайсыз екенін жазуда.

А.Орынғалиұлы

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*