Басты жаңалықтарҚоғамЭкономика
67 пәтері бар адамды естігенде саяжай тұрғындары жылап жіберді
Астанада бір басында 67 пәтері бар адам тұрады. Оның 65-і бір тұрғын үй кешенінде орналасқан. Қаржы министрлігінің назарын аударған пәтерқұмар азаматтың кім екені әзірге белгісіз. Бұл туралы «Евразия» телеарнасы хабарлады.
Бір адамның осынша баспанаға ие болғанын естігенде саяжай жалдап жүрген көпбалалы анада жылап жіберді. Аналар түгіл, депутаттарда шалқасынан түсті. Себебі, қазір Нұр-сұлтанда 2666 жетім бала тұрғын үйге қол жеткізе алмай, қаңғып жүр екен. Ал елордада бүгінгі таңда 215 пәтер қаңырап бос тұрған көрінеді.