Сиви Махмуди қандай атақ алғанын өзі де білмейді
Мемлекеттік марапатқа ие болған әнші, алған атағын есіне түсіре алмай ұятқа қалды.
Бұл тосын сый Сиви МАХМУДИГЕ туған күнінде табысталған болатын. “Атауы шынымды айтайын толықтай есімде жоқ. Ұят болды”, – дейді Сиви. Бұл туралы ratel.kz хабарлады.
Өкінішті-ақ! Сивиге тағылған «Еңбек даңқы» төсбелгісі еді. Аталмыш марапат жайлы толығырақ ақпаратты сұрағанымызда, өнер иесінен тағы да тұщымды жауап ала алмадық.
“Кейін айтайықшы ол жайлы, иә?!” – деп сөзден қашты Махмуди.
Ал, әншінің желідегі оқырмандары, Махмудидің мұндай марапатқа лайық еместігін жарыса жазып жатыр.
“Халық барлығын көріп отыр, көзі ашық. Кімнің лайық, кімнің лайық емес екенін халық жақсы біледі. Сондықтан да, ол әңгіме құрдан-құр жүрмейді. «Жел соқпаса шөптің басы тұрмайды”, – деп пікір білдірді аталған жайтқа қатысты «Melo’Men» тобы.
Сондай-ақ, жыл соңында Серік Ибрагимов те дарынды жастардың қатарын толықтырды. Бірақ әнші жігіт өзіне бұйырған марапат туралы мағлұматтан құр алақан емес екен.
“Жиырма тоғыз жасқа дейін берілетін, бұл дарынды жастарды одан ары қарай, жақсы белестерді бағындыра берсін деген ниетпенен берілген, үміт сыйлығы ғой. Ары қарай жұмыс істеуге үміт сыйлайды. Күш-қуат, шабыт сыйлайтын «Дарын» сыйлығы. Және де, еңбектің де бағаланғаны деп ойлаймын”, – дейді Серік.