Басты жаңалықтарСаясатТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Ұлт тарихындағы ұлық мереке

«Ұлт  тарихындағы ұлы мереке құттыболсын

Тарихымыздың түп тамырын ақтарсақ, аспантектес азаттық пен тәуелсіздікті аңсаған батыр бабалардың арманы тереңнен бастау алғаны анық. Ұлтарақтай жер үшін талай жорықтарда алтын басын алдырып, теңіздей тер төккен ұлы ерлердіңұлы мұраты егемендік еді. Сондықтан болартәуелсіздік таңбасы таста, қаны қара жердіңқатпарында жатқан құдіретті сөз

Ия, батыр бабаларымыздың ғасырлар бойыазаттық, еркіндік деп, аңсаған арманы орындалғанкүнегемендіктің жарияланған  күні.

Тәуелсіздік жігері мұқалмаған, еңсесіезілмеген, сағы сынбаған рухты ерлердің төгілгенқанымен, өшпеген отымен келген ұлы күн

Сондықтан да 25 қазанда атап өтілетінҚазақстанның Республика күні — ел тарихындағымаңызды да, мәртебелі ұлы мереке болыпсаналады. Бұл күн Қазақстанның тәуелсіздікке қолжеткізуі мен мемлекеттік тәуелсіздікті нығайтудағыалғашқы қадамдарын бейнелейді.

Мерекенің тарихына келер болсақ, 1990 жылғы25 қазанда ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен«ҚазКСР Мемлекеттік Егемендігі туралыДекларация» қабылданған елеулі оқиғаменбайланысты.

Бұл маңызды құжат Қазақстанның егемендігінжәне оның тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүруініңнегізгі қағидаттарын жариялады. Бұл ел аумағының тұтастығын, бөлінбейтіндігін, қолсұғылмаушылығын, ел өмірінің барлықмәселелерін өз бетінше шешу құқығы менҚазақстан халықтарының мәдениеті және тілдерінеркін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайтуқұқығын көрсетті.

Осылайша, бұл құжат Қазақстанныңтарихындағы жаңадан басталған бетбұрыс кезеңіболды. Егемендікті жариялау Қазақстанға өзініңбасқару жүйесін қалыптастыруға, ұлттық заңдармен институттарды әзірлеуге мүмкіндік берді.

1995 жылы Тәуелсіз Қазақстандағы Республика күні ұлттық мереке болып жарияланды. Оныңмәртебесі 2001 жылы мемлекет ретінде белгіленебастаған кезде өзгерді. Сол кезде егемендіктіңжариялануы тәуелсіздік жолындағы аралық кезеңретінде бағаланды да, 2009 жылы республика күнімереке күнтізбесінен жоғалып кеткен болатын. Негізгі ұлттық мереке Тәуелсіздік күні,  яғни 16 желтоқсан болды. Тәуелсіздікке жету жолындағытарихи деректер мен оқиғалардың маңыздылығынжәне саяси құндылығын терең зерделеу уақыт өтекеле өзгерді.

2022 жылғы маусымда Қазақстанда өткенҰлттық құрылтайдың алғашқы отырысында елімізПрезиденті Қасым-Жомарт Тоқаев ұмытылғанРеспублика күніне дербес мемлекет болуғажасалған алғашқы батыл қадамның символы ретінде ұлттық мәртебелі мереке мәртебесінқайтаруды ұсынды. Осылайша 2022 жылдыңқыркүйегінде Республика күніне ұлттық, ал Тәуелсіздік күніне мемлекеттік мәртебені бекітетінмерекелер туралы Заңға түзетулер енгізілді.

Егеменді мемлекеттің қауіпсіздігіне жауаптыоның ажырамас бөлігінің біріөзінің ҚарулыКүштері. Бұл тарихымыздан қалыптасқанбұлжымас факт. Өткен ғасырларда жауынгерлерелдің және оның билеушісінің тірегі болды. Тәуелсіз елде халықтың бейбіт, бақытты өмір сүруіәскерінің өз жерін жауларынан қорғау күші мен қабілетіне терең байланысты болды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевөзінің бүкіл армия кеңесінде сөйлеген сөзіндеҚазақстан Республикасының Қарулы Күштерімемлекетіміздің сенімді тірегі болып табылатынынайта келе: «Отанымыздың аумақтық тұтастығынсақтаубіздің қасиетті парызымыз. Біздің ата-бабаларымыз ғасырлар бойы ешкімнің біздіңжерімізге қол сұғуын болдырмады және оны сақтауды өсиет етті. Біздің басты міндетіміз  — бұлұлы мұраны көздің қарашығындай сақтау. Бізұрпақтарымызға біртұтас және мықты мемлекетқалдыруымыз керек. Тек елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қорғай отырып, біз прогрессивтіжәне дамыған мемлекет құра аламыз. Қарулыкүштер осы қасиетті құндылықтарды сенімдіқорғауға арналған«, — деді.

Азаттығын бәрінен биік санаған халқымыздыңамандығын, тәуелсіздіктің тұтастығын қорғап кележатқан Ұлттық ұлан егемен елімізбен біргеқұрылып, өркендеді. Біздің жауынгерлергежүктелген маңызды міндеттер ішкітыныштығымызды, күнделікті қоғамдық тәртіптікүзету,  азаматтардың қауіпсіздігін қорғау сияқтықызметтерді абыроймен атқарып келеді. Бұғанқазіргі бейбіт өмір, ел ішіндегі татулық пен ынтымақты қатынас дәлел бола алады.  

Ұлттық дәстүрлер мен қазақилықтың қаймағыбұзылмаған оңтүстіктің киелі өлкесі шырайлыШымқалада орналасқан Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінің жауынгерлері де бүгінде өздерінеартылған аманат пен міндетті мінсіз орындап, ел тыныштығын қорғауға салмақты үлес қосып келеді. Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойыншаҚылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарастытүзету мекемелері мен сотталғандарды күзету, сонымен қатар айыпталушыларды, сотталғандардыайдауылдау сияқты жауынгерлік қызметтердіорындайтын әскери қызметшілеріміз өз істеріндеосалдық танытқан емес, керісінше үнемі батылдық, ерлік танытып, болуы мүмкін қауіпті жағдайлармен оқиғалардың алдын алып келеді.

«Қорғаныс және қауіпсіздік саласы еліміздітұрақты дамыту ісінде айрықша маңызды рөлатқарады. Айбынды армия – қасиетті жеріміздіжәне елімізді қорғайтын сенімді қалқан. Халқымызалаңсыз өмір сүруі үшін әскери қызметшілер өзміндетін мүлтіксіз атқаруы керек. Мен Отанкүзетіндегі әрбір жауынгеріміз антына адал боладыдеп сенемін», деген Президентімізге, ереуіл атымен егеулі найзасын қатар ұстаған ерлердің қанымен терінің иісі сіңген, ұлан-ғайыр ұлы даланыұрпағы біздерге мұра еткен бабалар аманатына адалболмауға біздің қақымыз жоқ.

Ұлт тарихындағы ұлы мереке Республика күнімен барлық отандастарымызды құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Азаттығымызды қорғайтын айбынды әскеріміздіңабыройы асқақ болсын!

6698 әскери бөлімінің командирі 

подполковник Нұрлан Сакибеков

Басқа материалдар

Back to top button