Басты жаңалықтарҚоғамСаясат
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.
Ал бұған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары болған Роман Скляр кеше Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.
Нұрлыбек Нәлібаев 2022 жылғы сәуірден бүгінге дейін Қызылорда облысын басқарды.
Нұрлыбек Машбекұлы 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.
А. Орынғали



