Депутат Мақсат Толықбай 6 млрд теңгеге іздеу салды

Мақсат Толықбай жолдың құрылысына бөлінген қыруар қаржының талан-таражға түскенін жариялады. Депутаттардың бастамасымен Қызылорда, Ақтөбе, Ақмола облыстарындағы инфрақұрылымды жақсартуға қарастырылған ақшаны тендерді ұтып алған мердігер компанияның сыртынан әлдекімдер жалған мөр жасап, банктен шешіп алыпты.
Депутаттың сөзінше, мердігер деп танылған «Дорстрой» ЖШС-ны әлдебір топ рейдерлік жолмен тартып алған. Құрығы ұзын қырағылар «Жоғарыда таныстарым көп, Тендер алып беремін. Бірақ компания акциясының 70 пайызын менің атыма жазасың» деген талап қойған.
Алайда тендердің алғашқы 30% траншы түскенде жалған мөр жасап, қолдан директор тағайындап, ақшаны жымқырумен айналысқан.
Мақсат Толықбай Ішкі істер имнистрлігі, ұлттық қауіпсіздік комитеті, қаржы мониторингі агенттігі, Президент әкімшілігіне өз атынан ресми хат жолдаған.
А.Нәби
ФОТО: Ашық дереккөз



