Басты жаңалықтарҚоғамМәдениет

Бақыт Тұрман: психологтар әйелдердің миын ашытып болдыңыздар

Актер Қайрат Әділгерейдің сүйген жары, эстрада әншісі Бақыт Тұрман психолог, коучтарға өкпесін айтты.

Әйелдердің миын ашытып болдыңыздар, деген өнер жұлдызы “бағыттарыңызды еркек жаққа ауыстырыңыздар. Байитын әйел әлдеқашан байып кетер еді. Еркексіз қалай байиды. Еркегі сөзге көнбесе ол әйел қайдан бақытты болады. Сондықтан екі жақты ойлайық. Еркектерге бағыттаңыздар, тәрбиелеңіздер”,-деді ол.

Бақыт Тұрман ұл тәрбиесіне де көңіл бөлу қажеттігін сөз етті.

Айта кетейік, Бақыт Тұрман Тұрсынбек Қабатовтың экс- әйелі Мөлдір Мұқанованың фильмін сынаймын деп, басы дауға қалып еді. Осы даудан соң оның танымалдығы артып, әлеуметтік желіде де өткір тақырыптарды көтеріп жүр.

А. Нәби

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button