Басты жаңалықтарҚоғам

Құрбан айтта демалыс болмайды

Құрбан айтта жұмыстан қалып қойып жүрмеңіз. Биыл қазақстандықтардың 3 күн қатарынан демаламыз деген арманы орындалмайтын болды.  Себебі айттың алғашқы күні жексенбіге түсіп тұрғандықтан, қосымша демалыс берілмейді. Еліміздің заңына сәйкес, діни мереке жексенбі күнге түссе, демалыс басқа күнге ауыстырылмайды. Ал бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айттың алғашқы күні дүйсенбіге түсетінін хабарлаған еді. Дегенмен, айдың көрінуіне байланысты, қасиетті мейрам бір күн ерте басталатын болды.

 

А.Нәби

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button