Басты жаңалықтарДенсаулық
Тәуелсіздік күні елордада 55 сәби өмірге келді
Тәуелсіздік күні елордада 55 сәби өмірге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 16 желтоқсан күні сағат 00.00-16.00 аралығында қаладағы перзентханаларда жалпы саны 55 бала дүние есігін ашқан. Олардың 31 қыз, қалған 24-і ұл бала.
Бұл №2, №3 перинаталдық орталық пен №2 қалалық көпсалалық ауруханада тіркелген мәліметтер. Сарыарқа аудандық әкімшілігі мереке күні өмірге келген кішкентай астаналықтарды құттықтады.