Мақпал Жүнісова Құлыбаевқа «намек» тастады

Сахнаға шығып «Мақпал, арықтауың керек» деп ескерту айтқан Асқар Құлыбаевқа Мақпал Жүнісова әлі өкпелеп жүрген секілді. Жуырда әнші елдің алдында тұрып, Тимур Құлыбаевтың әкесінің әрекетін сынға алып, «маған арықта» дегенше бір машина мінгізе салмай ма деп ойындағысын жайып салды.
-Шынымен миллардер ғой. Несін жасырамыз. Мен ондай бай шал болатын бослам «Мақпал жан, 45 жыл сахнада жүр екенсің. Мә саған бір мәшине» деп бере салатын едім. Оған не тұрады тәйірі. Менде машина алып берім жүрмін ғой. 15 мы, 16 мың, 20 мың долларға. Қандай машина екенін айтпай-ақ, «машина» деп айта салсын болды. Сол кезде оның беделі көтеріліп кетер еді. Ал ол болса мені масқаралап тұрып алды,- деп көрерменді ду күлдірді.
Еске салайық, жуырда Асқар Құлыбаев концерттің үстінде сахнаға шығып, Мақмал Жүнісоваға біраз ескертулер айтқан еді.
А.Нәби
ФОТО: Ашық дереккөз



