Басты жаңалықтарҚоғам

Үш өңірді су басуы мүмкін

Ақмола облысына жұмыс сапарымен барған Үкімет басшысы республикалық жедел штаб отырысын өткізді. Жиында елдегі су тасқынына дайындық барысы талқыланып, атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды.   Жауаптылардың айтуынша, қазіргі таңда, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облысында су басу қаупі жоғары. Өзге өңірлерде де жағдайдың қалай өрбитіні белгісіз. Оның үстіне наурыз, сәуір айларында жауын-шашын жиі болады деп күтіледі. Сондықтан Олжас Бектенов министрлер мен әкімдерге бақылауды күшейтіп, алдын-алу жұмыстарына ерекше зер салуды тапсырды.

-Кез келген сценарийге дайын болуымыз керек. Әкімдер жұмысты күшейтіп, әсіресе елді мекендердің маңында су тасқынына қарсы жоспарланған іс-шараларды сапалы жүзеге асыруы қажет. Бұл су басу қаупі бар барлық өңірге қатысты. Сол себепті бір апта ішінде әкімдіктер тәуекел деңгейі жоғары елді мекендерге барып, жағдайды зерделеп, қажетті шараларды қабылдауы керек,-деді Олжас Бектенов.


Бұдан бөлек, Үкімет басшысы Щучинск және Семей қалаларында болған оқиғаларды еске салып, жауаптыларға өрт қауіпсіздігін де күшейтуді міндеттеді

ФОТО: primeminister.kz

Басқа материалдар

Back to top button