Басты жаңалықтар

Айтыскер Балғынбек Қазақстан азаматтығынан бас тартпақ

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев халқының талабы мен тілегіне қарсы заңдар шығаратын Парламенті бар елдің Азаматтығынан бас тартатындығын жеткізді. Ол өзінің әлеуметтік парақшасында балаларына екпе егуге қарсы екенін ашық мәлімдеді, — деп хабарлайды Jurnalist.kz.

«Жалғыздың үні шықты, бірақ, елең еткен ешкім болмады. Біздің Парламенттің сыйқы осы енді. Бір депутат қарсы, екеуі қалыс, қалғаны үнемі қолдайды! Енді құрамы белгісіз, сапасы белгісіз, шетелден келетін екпелердің жартысы ерікті, жартысы мәжбүрлі түрде міндетті болады! Әншейін ғана гриптің бір түріне COVID-19 деп айдар тағып, әлемді дүрліктіріп Пандемия жариялаудың мақсаты да осы болатын. Әлемді үрейлендіру! Әлемді кедейлендіру! Әлемді басқару!  Әлемді вакцинациялау! Әлемді құл қылу! Жоқ, маскалы мырзалар!!! Біз сіздерден емес, құдайдан қорқамыз! Бізге Ризықты Алла береді! Көк пен Жердің Раббысы Алла, оған ерікті, еріксіз түрде барлық жан иелері бағынады!  Вакцинацияға қарсымыз, күштеп салдыруды қылмыс деп білеміз! Біз әлемдердің Раббысына ғана құлшылық етеміз, һәм жәрдем тілейміз!Менің 6 балам бар, алғашқы 3 балаға екпе салдырғанмын, кейінгі 3 балаға салдырмадым! Айырмашылық жер мен көктей. Үлкендері ауыра береді, имунитеттері әлсіз. Кейінгі үшеуі мүлде ауырып (тіпті, гриппен де, қызылшамен де) көрген емес! Имунитеттері жоғары, екі жыл анасының ақ сүтін емген балалар! Менің балаларым — менің байлығым, екпені маған ешкім мәжбүрлей алмайды! Мен Қазақстан Республикасының азаматымын! Егер алдағы уақытта менің Конституциялық құқығым тапталатын болса, мен Ата Заңына қарсы, халқының талабы мен тілегіне қарсы заңдар шығаратын Парламенті бар елдің Азаматтығынан бас тартамын!», — дейді Балғынбек Имашев. 

 

Басқа материалдар

Back to top button