Басты жаңалықтарҚоғамТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Ұландықтар оқушыларға есігін айқара ашты

17 қазанда ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506әскери бөлімінде Шымкент қаласының жалпы білім беретін мектептерінің жоғары сыныпоқушылары үшін Ашық есік күні өтті. Бұл туралы ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлікқолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады. 

Іс-шараның негізгі мақсаты өскелең ұрпақтыәскери-патриоттық тәрбиелеу және жастарарасында құқықтық тәртіп әскері қатарындақызметті танымал ету болды.

Саптық алаңда жас қонақтарға Ұлттық ұланқаруланған әскери техника мен атыс қаруыныңтүрлері көрсетілді. Оқушылар ұландықтардыңжабдықтарын сынап көруге, нағыз жауынгерлікмашиналардың рульіне отыруға және естелікфотосуреттер түсіруге мүмкіндік алды.

Сондай-ақ, іс-шара бағдарламасы аясындақонақтарға қызметтік иттерді қолдана отырыпқұқық бұзушыны ұстау және тыйым салынған заттарды іздеу кезіндегі кинологтардың жұмысыұсынылды.

«Бізге ұландықтар қандай дайындықтанөтетінін және олар қандай жағдайда қызмет ететіндігін көрсетті. Бізде осындай күштіармия бар екенін мақтан тұтамын, болашақтаМен өз Отаным алдындағы борышымдыміндетті түрде орындаймын. Мұнда өзіңдішынықтыру және нағыз азамат болу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған», деді 10 сынып оқушысы Асылжан Тілепберген.

Іс-шара соңында бригада клубыныңбастығы аға лейтенант Ержан Жолшы бөлімніңмұражайына экскурсия жүргізіп, болашақ Отанқорғаушыларға ұландықтардың ерлігі туралыайтып берді.

«Ашық есік күнін өткізу армияға әскерибөлімдердің өмірі туралы хабардар ету тұрғысынан азаматтық жұртшылық үшінбарынша ашық болуға мүмкіндік береді. Бұлөскелең ұрпақты патриотизм рухындатәрбиелеуге және әскери мамандыққақұрметпен қарауға ықпал етеді, жастарды Ұлттық ұлан қатарында қызмет етуге белгілібір даярлық ретінде қызмет етеді», деп атап өтті 6506 әскери бөлімі командирінің тәрбиежәне әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Бауыржан Шораев.

Айта кету керек, осындай іс-шара Шымкентқаласында орналасқан 6698 әскери бөліміндеде жас қонақтарды шақырумен өткізілді. Онда іс-шараға жалпы білім беретін қалалықмектептердің 50-ден астам жоғары сыныпоқушылары келді.

А.Нәби

Басқа материалдар

Back to top button