Бақыт ЖҰМАТОВА: «Қазақстанда коронавирус болмайды деп мен айтқан жоқпын» (видео)
Белгілі экстрасенс Бақыт Жұматова коронавирус туралы ештеңе айтпаған. Көріпкел өзінің атын пайдаланып, қоғамдық пікір туғызғандарды заң алдында жауапқа тартпақ. Айтуынша, ол коронавирус туралы ешкімге ешқандай сұхбат беріп, мәлімдеме жасамаған.
БАҚЫТ ЖҰМАТОВА — ЭКСТРАСЕНС: «Көп адам маған жіберді. «Сіз сұхбат беріпсіз, сол рас па» деп. Мен ешкімге ешқандай сұхбат беріп, коронавирус туралы айтқан жоқпын. Kazakh_inform масқара, менің атымнан, үлкен мәтінде жазыпты. Оларға жазғанмын, жауап жоқ әлі. Коронавирус бүкіл елде болса, қалай ол Қазақстанда болмайды. Бір-екі ауыратын адам болады. Қытайлықтар көп бізде. Жұмыс істеп жатқандар бар. Бірақ өліп қалатындай қауіп жоқ. Біз оба ауруынан сақтануымыз керек. Оны тасымалдаушы тышқандардан сақтанғанымыз дұрыс».
Айта кетейік, кешелі бері әлеуметтік желіде Бақыт Жұматованың «Қазақстанда коронавирус болмайды» деген сөзі тарап кетті.
А.Орынғалиұлы