Басты жаңалықтарВидеоҚоғам

Сандуғаш Жұмабек: бір қызды өлтіріп қоя жаздадым (видео)

Бес жыл жылға сотталып, жазасын өтеп шыққан Сандуғаш Жұмабек түрмедегі қиын күндерін айтты.

Әлеуметтік желіде пультпен ән айтып танылып, тойлардың гүлі болған келіншек  құда-құдағиымен дауласып, түрмеге қамалған еді. Оған айып таққандар арасында өзінің кіші қызы да болды. Алайда олардың барлығын кешірген, ешқандай реніші жоқ екен. Қыз-күйеуімен араласып тұрады. Бірақ құда-құдағиын көрмеген.

Бес жылын темір торда өткізген Сандуғаш Жұмабек түрмеде жазасын өтеуші әйелдер арасында төбелес жиі  болатынын айтты. Әсіресе, камера жоқ жерлерде, дәретханада, жуынатын жерде аяқ астынан туындайды екен. Сондай-ақ, ол офицерлердің   жазасын өтеуші әйелдерге қалай қарайтынын мәлімдеді.

2017 жылы сотталып, 2022 жылдың жазында жазасын өтеп шыққан Сандуғаш Жұмабек адамда бостандық пен денсаулық болса, барлығына қол жеткізуге болатынын айтады. Әлі де шектеулер көп екен. Жүріс-тұрысы бақылауда. Одан бөлек, есеп-шоттары бұғаттаулы.

Түрмеден шыққан уақытта үлкен қызының үйінде дүшпара сатып күн көрген келіншек, қазір Астанаға келіп, бұрғыдай тапсырыспен тойға шығып жүрген көрінеді.

Ағынан жарылған ол ата-анасының бала кезінде ажырасып, нағашыларының қолында өскенін,  бойжеткен соң әкесін іздеп барып, оның жанын жүрген жігітке тұрмысқа шыққанын да жасырмады. Күйеуінен ажырасып кетсе де, бауырындай көріп, араласады екен. Түрмеге де артынан келіп тұрыпты. Күйеуі кіші қызының қолында, құда-құдағимен бірге тұрады.

 

А. Нәби

ФОТО: Ашық дереккөз

 

Басқа материалдар

Back to top button