Басты жаңалықтарВидеоСаясатЭкономика

Ресейде қазақстандық тауарды қоюға супермаркеттен сөре бермейді (видео)

Қазақстан мен Ресейдің сауда қатынасына кейбір облыс басшылары қолдан кедергі жасап отыр. Әсіресе, шекарадағы аймақтардың губернаторлары. Омбы қаласында өтіп жатқан өңіраралық форумда еліміздің Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов осылай деп жайып салды.

Екі арадағы алыс-берісте көптеген кедергілерді жасайтын осы өңірдегі шенеуніктер екен. Себебі, мемлекетаралық, үкіметаралық құжаттарда барлығы шешілген, реттелген. Алайда, проблемалар қолдан туындауда. Мәселен, Қазақстаннан Ресейге тасымалданатын тауарларға, әсіресе азық-түлікке жасырын шектеулер көп. Қарапайым, супермаркеттерден сөре, орын бермей қинайды екен.

БАҚЫТ СҰЛТАНОВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ: «Барлық тиісті шешімдер бар. Бірақ өңірлердізң басшылары қолдан осындай кедергілерді туындатып отыр. Сауда сеттері біздің тауарға 2-3 полкаларын беріп отыр. Өңірлік губернаторлар звондап айтады, супермаркеттерге. Олардың өйткені жергілікті атқарушы органдарының алдына орталықтан үлкен міндеттемелер қойылған. Санкциялар бар. Оның ішінде біздің де тауарлар  кедергіге келіп қалады».

Қос мемлекет арасындағы тауар айналымы былтыр 17 млрд долларды құраса, биыл сегіз айдың ішінде 12 млрд долларға жеткен. Бірақ, бізде экспортқа қарағанда импорт басымырақ. Яғни, біз олардан көбірек сатып алудамыз. Қазақстаннан негізінен мұнай, темір-терсек, шикізаттар тасымалданады. Ал Ресейден біраз дүние келеді. Көлік, мұнай өнімдері, газға дейін жеткізіледі.

 

 

 

 

Басқа материалдар

Back to top button