Түркияда ерлі-зайыптылардың ажырасуы көбейген

2025 жылы Түркияда 552 мың неке тіркеліп, 193 мыңнан астам жұп ажырасқан, деп хабарлайды Kazinform.
Түркияның Статистика институтының (TÜİK) деректеріне сәйкес, 2024 жылы 188 963 ажырасу тіркелсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 193 793-ке жетті. Ажырасу коэффициенті 2,26%-ды құрады.
Сондай-ақ, 2025 жылы елде 552 237 неке қиылған. Ал 2024 жылы 569 983 неке тіркелген.
Бұдан бөлек, біраз жасқа келгенше үйленбейтін, тұрмысқа шықпайтындар қатары көбейген. 2025 жылы ерлер алғаш рет орта есеппен 28,5 жаста, әйелдер 26 жаста некеге тұрған.
Түркия шетелдіктермен, әсіресе Сирия азаматтарымен неке қиятындар көбейген көрінеді.
2025 жылы шетелдік күйеу жігіттермен 5 347 неке (жалпы санның 1%-ы), ал шетелдік қалыңдықтармен 28 646 неке (5,2%) тіркелген.
Шетелдік күйеу жігіттер арасында сириялықтар бірінші орында – 20,9%. Одан кейін немістер – 18,8% және ауғанстандықтар – 5%. Шетелдік қалыңдықтар арасында да сириялықтар көш бастап тұр – 13,8%. Сосын Өзбекстан – 13,7% және Марокко – 9,6%.
Статистикаға сәйкес, ажырасулардың 34%-ы некенің алғашқы бес жылында орын алады, тағы 20,3%-ы алты жылдан он жылға дейінгі аралықта тіркеледі.
ФОТО: Ашық дереккөз



