Басты жаңалықтарТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
Бірінші орынбасар елдің базынасын тыңдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Түркістан облысында азаматтарды жеке қабылдау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов тұрғындармен кездесу өткізіп, олардың өтініш-шағымдарын тыңдады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қабылдау барысында азаматтар баспана кезегі, үйлеріне газ тарту, жол тасымалы және өрт сөндіру бекеттерін ашу мәселелерін көтерді.
Түркістандық азамат мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана беруін сұрады. 2025 жылға қалада 11 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Биыл 944 пәтермен қамтамасыз ету жоспарлануда. Жыл басынан бері 432 отбасы баспанамен қамтылды. Жыл соңына дейін 512 пәтер берілетін болады. Сондай-ақ, тағы бір тұрғын баспана алуына байланысты үй кезегінен шығарылған.
Ал кентаулық тұрғын жолаушылар тасымалын субсидиялауды сұрады. Қалада қазіргі таңда 11 қоғамдық көлік бағыты бар. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар бағыттарды субсидиялауға 30 млн теңге қаржы қаралды.
Сайрамдық азамат қабылдау барысында Қарамұрт ауылына автобекет салуға жер беруін, ауылдық емхананың алдына камера қоюды, сондай-ақ өрт сөндіру бекетін салып берді сұрады. Ауылдың орталығында автотұрақ үшін мемлекеттік акт жасалып, Қарамұрт ауылдық округі әкімі аппаратының меншігіне алынған. Сондай-ақ, облыстық маңызы бар КХ-3 автожолының бойында ауыр жүк көліктерінің салмағын есептейтін тараз және камера орнату жұмыстары жүргізілуде. Ал Қарамұрт ауылдық округі Низамабад елді мекенінде жеке кәсіпкер тарапынан өрт сөндіру бекетінің құрылысы жүргізілуде.
Әрбір өтініш бойынша жауапты басқармаларға нақты тапсырмалар беріліп, бақылауға алынды.
А.Орынғали




