Басты жаңалықтарҚоғамМәдениет
Ләйлә Сұлтанқызымен соттасқан Нұрболхан енді «Еуразия» арнасының тілшісіне «топас» деді
Еліміздегі әзіл-сықақтың айналасында жүрген Нұрболхан Шарапов инстаграмда «Еуразия» телеарнасының тілшісі Гүлназия Жалғасқызына ауыр сөздер айтты. Qalayym Live тележобасына қатысты әлеуметтік желідегі оқырмандардың талқылауы кезінде Нұрболхан журналист Гүлназияға «Сен сияқты топастарға түсіндіру қиын ғой», «Аман бол мәңгүрт әпше» деген пікір жазған.
Ток-шоуға қатысты әңгіме әлеуметтік желі қолданушыларының бірі aibek_kossan-ның парақшасында талқыға түскен.
Еске салайық, мұның алдында Нұрболхан Шарапов тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызымен де соттасқан болатын.
А.Орынғали