Басты жаңалықтарВидеоҚоғам

Қайрат Әділгерей оралдықтардан кешірім сұрады

Актер, әзілкеш Қайрат Әділгерей Құрманғазы туралы айтқан сөзі үшін оралдық ақсақалдардан кешірім сұрады. Себебі, оның күй атасы туралы  әңгімесі Батыс Қазақстан облысындағы үлкендердің көңіліне қатты тиген. Ашуға мінген ақсақалдар актерді сотқа беруге бекініпті.

Жуырда әлеуметтік желіде Қайраттың «Құрманғазы «разбойник» болған, былай айтқанда «по-черному» жүрген. Исатай досы екеуі байлардан тартып алып, кедейлерге берген. Ал хоббиі күй тарту болған. Бірақ осындай дүниелердің бәрін біз зерделеп, аша алмай жатырмыз. Киноларымызда да дәріптелмей келеді» деген видеосы тарады.

Мұны көрген күйшінің жерлестері наразылық танытқан. Оралдықтардың ашуына тигенін сезген актер іле-шала кешірім сұрап, 2-3 күнде Құрманғазының басына баратынын мәлімдеді.

«Бұл осыдан 3-4 жыл бұрын подкастта айтылған әңгіме еді. Мен бұл әңгімені бабамыздың басындағы шырақшының өз аузынан естіген едім. Менің қателігім, сол шырақшының әңгімесін басқаша форматта жеткізгенім. Жастардың тілінде, дөрекі форматта жеткізгенім. Оны мен мойындаймын. Ол менің үлкен қателігім. Мен оралдық ақсақалдардың талабын орындауға дайынмын. 2-3 күнде Астрахань еліне, бабамыздың басына барып, Құран бағыштап, сол жердегі барлық мағлұматты сіздерге түсіндіре кетемін. Сіздерден кешірім өтінем, бабамыздың басынан тағы да видео жеткіземін» деді Қайрат Әділгерей.

А.Нәби

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button