Басты жаңалықтарЭкономика
Президент «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының иегерлерін марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» байқауларына қатысқан кәсіпкерлердің барлығына алғыс айтып, лауреаттарды марапаттады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Шағын және орта бизнес субъектілері арасында «Парыз» сыйлығына Солтүстік Қазақстан облысынан «Ақ-Ниет-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ие болды.
Ірі бизнес өкілдерінен Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» корпорациясы лайық деп танылды.

«Алтын сапа» сыйлығы «Үздік индустриалдық жоба» аталымы бойынша «Karlskrona LC AB» (Шымкент қаласы), «Үздік инновациялық жоба» аталымы бойынша «AG TECH» (Астана қаласы) компанияларына табысталды.
ФОТО: akorda.kz





