Басты жаңалықтарВидеоҚоғам

Руслан Өтепбай қол-аяғы байланған Құндыздың өзінен бар шындықты естіді

Кеше журналист Руслан Өтепбай Тараз қаласының тұрғыны Зүлфия Төленованың қамқорлығындағы Назгүл мен Құндызға қатысты тосын жәйтті жария еткен еді. Ол әлдекімдерден Құндыздың қол-аяғы, аузы скочпен оралған фото келгенін айтып, апалы-сіңілі, қорғансыз қыздарды тәрбиесіне алған Зүлфия Төленоваға қоңырау шалады. Алайда қамкөңіл жандарды қарауына алған тараздық келіншек оның бәрін Таня есімді күтушінің істегенін, өзінің үйде болмағанын айтты. Себебі, Құндыздың ауруы қозып, әпкесі Назгүлге қол көтеріпті-мыс.

Бірден жолға шыққан Руслан Өтепбай бүгін Тараз қаласындағы  Зүлфия Төленованың үйіне барды. Құндызды  сөзге тартқанда, ол өзін байлағанда “мама болды” деп, қамқоршысы Зүлфияның үйде болғанын айтты. Ал күтуші Таня Зүлфияның қалада болмағанын мәлімдеп, айда аспанға шығарды.

А. Нәби

Басқа материалдар

Back to top button