Басты жаңалықтарҚоғам

Қызылордалықтар жыныстық қатынасқа түсуден рекорд жасаған ба?

«Қызылордалықтар тым белсенді болып кеткен бе?» Әлеуметтік желіде осындай әзіл пікірлер көбейіп жатыр. Себебі өңірде жаңа, заманауи перинаталдық орталық ашылады деген жаңалық қызу талқылануда. Бұл туралы kritika.kyzylorda11парақшасына жарияланды.

Осы парақшадағы жазба бойынша,  жаңа перинаталдық орталық кең әрі заманауи үлгіде салынбақ. Орталықта көп орын қарастырылып, ана мен балаға арналған жаңа медициналық мүмкіндіктер болады деп күтілуде.

Желі қолданушылары әзілге басып: «Қызылордада туу көрсеткіші жоғарылап кеткен сияқты», «Жақында тағы аудан керек болады» деген пікірлер жазып жатыр.

Қалай болғанда да, жаңа перинаталдық орталықтың ашылуы — өңір үшін маңызды жаңалық. Өйткені ана мен бала денсаулығы әрқашан басты назарда болуы керек.

Басқа материалдар

Back to top button