Басты жаңалықтарҚоғам

Құндыз бен Назгүлді алған Зүлфия қыздардың бірін байлап тастаған

Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желіге жариялады.

Оған апалы-сіңілі қыздардың бірінің жерде байлаулы жатқан суреті келген. Мән-жайды анықтамақ болып жетім қыздарды қамқорлығына алған Тараздағы Зүлфия Төленоваға қоңырау шалады. Алайда, Зүлфия ханым “оны мен емес, күтуші Таня деген кісі” деп жауап берді. Айтуынша, Құндыз ауруы қозып, Назгүлге қол көтерген соң, Таня есімді күтуші Құндызды скочпен байлап тастаған.

Руслан Өтепбайдың қоңырауы ұнамай қалған Зүлфия Төленова қыздарды мемлекеттің қамқорлығына өткізетінін де айтып қалды. Алайда Руслан оған қарсылық танытып, келесі апта Таразға баратынын және осы мәселені өңірдегі қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі өкілдердің де назарға алуын мәлімдеп, үндеу жасады.

Айта кетейік, апалы-сіңілі Құндыз мен Назгүл ата-аналарынан ерте қалып, Түркістан облысында әкесінің ағайындарының қыстағында мал бағып, күтімсіз жүрген жерінен сыныптастары байқап, журналистерге хабарлаған еді. Кейін қыздарды қамкөңіл балаларды қамқорлыққа алып, қайырымдылықпен айналысып жүрген тараздық Зүлфия Төленова тәрбиесіне алған еді.

А.Нәби

 

Басқа материалдар

Back to top button