Басты жаңалықтарДенсаулықТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Түркістанда алғаш рет эпилепсиямен ауыратын жасөспірімге операция жасалды

Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері эпилепсияға шалдыққан 14 жастағы науқасқа ота жасады. Мұндай ота түрлі өңірде алғаш рет жасалды  және сәтті аяқталды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы бірқалыпты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Күрделі операцияны жасау үшін аурухана базасында ҚР балалар нейрохирургтары қоғамының президенті, №2 Алматы қалалық балалар клиникалық ауруханасының нейрохирург дәрігері Азамат Жайылғановтың қатысуымен шеберлік сабағы өтті. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, соңғы уақытта жасөспірімге дәрі-дәрмек әсер етпей, денсаулық жағдайы нашарлаған. Пациенттің жағдайы ескеріліп, нәтижесінде ота жасалды.
Ота кезінде дәрігерлер науқасқа хирургиялық жолмен жүйке жүйесіне стимулятор орнатқан. Бұл оның денсаулығын түзеп, эпилеписиялық талманың ауырлығын жеңілдетіп, жиілігін төмендетуге мүмкіндік береді.
Отадан кейін науқастың талмасы азайып, денсаулығы жақсарған. Бүгінде жасөспірім неврапотолог дәрігерлерінің бақылауында.
А.Орынғали
ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button