Басты жаңалықтарВидеоҚоғам
Ауыл әкімі тұрғындарды “кет на…у” деп боқтады
Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті ауылы әкімінің тұрғындарды боқтаған видеосы тарады.
Бейнежазбада сөзін бөліп сұрақ қойған әйел адаммен дауласқан шенеунік үстелді бір соғып, қолын шошайтып, “кет н..у” деді.
Мұның бәрін тұрғындар телефонға таспалаған. Сол жерде полиция өкілі де жиынға қатысып отыр. Бірақ ол дәм мим демеді.
Әкімнің бұл әрекетіне байланысты желі қолданушылары түрлі органдарды белгілеп пікір қалдырып жатыр.
А.Нәби



