Басты жаңалықтарСаясатЭкономика
Қазақстан мен Эстония 517 млн долларлық келісімдерге қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алар Карис Қазақстан-Эстония бизнес форумында сөз сөйледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы екі елдің іскерлік топ өкілдері қатысып жатқан жиынның сауда және инвестиция саласындағы екіжақты ықпалдастықты жандандыруға септігін тигізетініне сенім білдірді.
Президент көлік-логистика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, қаржы және білім беру салаларындағы өзара тиімді серіктестіктің негізгі бағыттарына тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде эстониялық бизнестің кеңеюіне жан-жақты қолдау білдіруге дайын екенін растады.
Бизнес-форум аясында екі ел компаниялары жалпы құны 517 миллион доллардан асатын 11 коммерциялық құжатқа қол қойды.
А.Орынғали
ФОТО: akorda.kz





