Басты жаңалықтарБілімСпорт

Географиядан дым білмейтін жас спортшыларды көрген ММА чемпионы жағасын ұстады

Елімізге белгілі спортшы, ММА чемпионы Нұрлан Қарабалин өз шәкірттерінің білімін тексеріп, жастардың тарих пен географиядан хабарсыз екеніне таң қалды.

«Босния мен Герцеговина деген кім?» деп сұраған бапкерге бозбалалар неше түрлі жауап айтқан. Бірі батыр десе, бірі «Ромео және Джульеттаның» мама, папасы дегенге сеніп қалады.

Жастарды спортқа баулып жүрген жекпе-жек шеберінің ұлдардың мектеп бағдарламасынан, оның ішінде географиядан мүлде бейхабар екеніне қынжылғанын дауысынан аңғаруға болады.

ММА чемпионы Нұрлан Қарабалин ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Светлана Подобедованың күйеуі. Қазір шәкірт тәрбиелеумен қатар Астанадағы колледждердің бірінде денешынықтырудан сабақ береді екен.

А.Нәби

Басқа материалдар

Back to top button