Басты жаңалықтарҚоғам

Шерзаттың трагедиясы бойынша сотталушыларға үкім шықты

Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталған, қылмыстық істің бас фигуранты, Абзал Шынасылға сот 23 жыл үкім кесті.

Равиль Сакиев — бұзақылық пен екі адамды топпен өлтіруге оқталу бойынша кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Азамат Токтаубаев — бұзақылыққа қатысып, ес-түссіз жатқан жәбірленушінің телефонын ұрлағаны үшін 15 жылға сотталды.

Нұрқияс Ильясов — 9 жылға, Шыңғыс Белгожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев және Дидар Қалиахмет — төртеуі де пышақ пен өзге де қауіпті заттарды қолдана отырып, топпен бұзақылық жасағаны үшін 7 жылға, оқушы Думан Ысқақ 1,5 жылға сотталды.

Абзал Шынасыл — жәбірленуші тарап Қаржаубай Нұрымовқа, Гүлбарам Бейшембиеваға және Жұмабике Қадироваға әрқайсысына 20 миллион теңгеден өтемақы төлеуі тиіс.

Равиль Сакиев әрқайсысына 15 миллион теңгеден төлеуге міндеттелді.

Қалған айыпталушылар әр жәбірленушіге 10 миллион теңгеден төлеуі тиіс.

 

А.Нәби

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button