Басты жаңалықтарҚоғам

Карантин режимін бұзған нысандарға 39 миллион теңге айыппұл салынды

Алматыда 20 шілдеден 17 тамызға дейін карантин режимін сақтамаған түнгі клуб, мейрамхана иелеріне 39 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Полиция бастығының айтуынша, 20 шілдеден бері қалада 3423 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Қалада карантин режимінің сақталуын бақылау мақсатында арнайы мониторингтік топтар құрылды. Оның құрамына тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті қызметкерлері, аудан әкімдігінің өкілдері және полицейлер кірді. Бірлескен топтар жүргізген іс-шаралардың нәтижесінде барлығы 3423 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 126-сы заңды тұлғалар», — деп атап өтті полиция басшысы.

Сонымен қатар Алматыда карантин режимін сақтамаған бірқатар мейрамхана, массаж бөлмелері анықталып, оларға 39 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған.

«Карантинді сақтамаудың қаншалықты қауіпті екенін азаматтардың бәрі бірдей түсіне бермейді. Оны тәжірибе көрсетіп отыр. Тұрғындар той тойлап, клубтарға барады, қорқор шегеді. Осылайша, рейд кезінде 5 сауна, 7 түнгі клуб, 32 кафе, 17 мейрамхана, 12 массаж бөлмесі, 7 караоке клубы анықталды», — деді Таймерденов.

Аталған нысан иелеріне Қазақстанның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабына сәйкес, 230 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

 

Басқа материалдар

Back to top button