Kerege Event — «Алтын Адам Awards» сыйлығының иегері

5 қыркүйек күні жыл сайын өтетін Altyn Adam Awardsұлттық сыйлығының салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бұл, спорт саласындағы үздіктерді анықтап, олардыңеңбегін бағалайды.
Биылғы марапатта ерекше құрметке ие болғандардыңқатарында Kerege Event командасы да бар. Олар«Маусымның ашылуы мен жабылуынұйымдастырушылар» номинациясында жеңімпаз атанды. Бұл жетістік команданың кәсіби деңгейі мен ірі іс-шараларды ұйымдастырудағы өзіндік қолтаңбасынайқындады.
Kerege Event командасы бірнеше жылдан беріҚазақстандағы ірі мәдени және қоғамдық шаралардыңұйымдастырушысы ретінде танылып келеді. Ашық аспанастындағы фестивальдер, спорттық марапаттар, мәденибастамалар мен қалалық мерекелер — бәрі де ерекшеатмосферасымен, ойластырылған ұйымдастыруымен жәнезаманауи шешімдерімен ерекшеленеді.
Kerege Event компаниясының жетекшісі Ерлан Мұсиповжеңісті бүкіл ұжымның еңбегінің нәтижесі жәнесеріктестердің сенімінің көрсеткіші деп атап өтті:
«Біз үшін мұндай жоғары марапат алу – үлкен мәртебе. Бұлсыйлық біздің жүйелі еңбегіміздің, ерекше жобаларғаұмтылуымыздың нәтижесі. Біз әр шараны көрермен мен қатысушыларға ұмытылмас әсер қалдыратын ерекшеоқиғаға айналдыруға тырысамыз».
Сонымен қатар ол бұл жетістік өткен жолдың қорытындысығана емес, алдағы уақытта жаңа белестерге жетуге үлкенынталандыру екенін айтты.
Kerege Event – өз жұмысын жай ғана қызмет емес, шынайымиссия деп қабылдайтын кәсіби мамандардың тобы. Компанияның әр жобасы ұсақ-түйегіне дейін мән берумен, заманауи режиссурамен, жаңа технологияларды қолдануменжәне үлкен аудиториямен жұмыс істеу тәжірибесіменерекшеленеді.
«Алтын Адам Awards» сыйлығы бұл команданыңҚазақстандағы ірі ивент-индустрия көшбасшыларының біріекенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
«Маусымның ашылуы мен жабылуын ұйымдастырушылар» аталымындағы жеңіс компанияның жаңа дамуына жолашты. Бұл жеңіс кәсібилік, креативтілік пен топтықжұмыстың арқасында кез келген шараны ұлттық деңгейдегіоқиғаға айналдыруға болатынын көрсетті.
А. Нәби


