Басты жаңалықтарҚоғам
«МузАрт» тобының мүшесі реанимацияға түсті

Әйгілі «Музарт» тобының бір мүшесі Кенжебек Жанәбілов аяқастынан жансақтау бөліміне түсті. Шымкентте кезекті концертіне шығар алдында әншінің денсаулығы сыр беріп, ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желіге өзі жариялады. Жүректегі қан тамыры бітеліп, дер кезінде медициналық көмек алған. Беті бері қараған Кенжебек Жанәбілов дәрілерлерге ризашылығын айтып жатыр. Қазір реанимациядан палатада ауысқан. Ем-домын аяқтамай, алдағы концерттеріне шықпайтын секілді.
А.Нәби
ФОТО: Ашық дереккөз




