Басты жаңалықтарҚоғамТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Келесте коммуналдық қызметке 30-дан аса жаңа техника берілді

Келес ауданында коммуналдық қызметтің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жаңа арнайы техникалар пайдалануға берілді. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Техникаларды аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев табыстап, халықтың игілігі үшін қызмет ететіндігін айтты. Жаңартылған техникалар қатарында 9 трактор, 9 тіркеме, 3 жүк тиегіш және 11 үш дөңгелекті мотокөлік бар.

Бұл техникалар «Келес Қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берілген. Техникалар аудан аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуге, көше-жол желісін күтіп ұстауға, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алуға жұмылдырылмақ.

А. Нәби

Басқа материалдар

Back to top button