ҚоғамТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
Сайрамда мемлекеттік қызметкешілер арасында спартакиада өтті

Сайрам ауданы Ақсукент ауылында 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай спорт түрлерінен аудандық спартакиада өтті, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Спорттық шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және ұжымдық бірлікті нығайту. Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсіміне Сайрам ауданының әкімі Арман Сабитов арнайы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа қатысушылар үстел теннисі, кіші футбол, қол күресі, шахмат спорт түрлерінен сынға түсіп, өзара мықтыларды анықтады. Спартакиада нәтижесінде жеңімпаздар арнайы грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
А.Нәби