Басты жаңалықтарБілім

ҰБТ-да 140 балл жинаған балаға пәтер сыйлады

Ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 балл жинаған ауыл баласы баспаналы болды. Түркістандық Жәнібек Әбілханға мұндай жомарттықты өзі дайындалған оқу орталығы жасаған. Көпбалалы отбасынан шыққан ол Ордабасы ауданына қарасты Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының түлегі. Негізгі пән ретінде информатиканы таңдап, биылғы түлектер арасында алғаш болып ең жоғары ұпай жинады. Ал уәде етілген тұрғын үй оқуға түсетін қаладан бұйырады. Сондай-ақ, ҰБТ-дағы жоғары нәтижесі үшін оған аймақ басшылығы да бағалы сыйлықтар табыстаған көрінеді.

А.Нәби

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button