Басты жаңалықтарҚоғам
Сара Назарбаеваның өлімін естірткен Дәулет Мұқаев сөзінен қалай секірді?

Әлеуметтік желідегі парақшасына Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы жазған депутат Дәулет Мұқаев елден кешірім сұрады. Оның сөзінше, парақшасын жүргізетін қызметкерлері ақпаратты тексермей салып жіберіпті. Ал ол кезде депутат Мәжілістің жиынында отырған көрінеді.
Айта кетейік, дәл осындай оқиғаға қоғам белсендісі Айгүл Орынбекте де болған еді. Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кеткенде Айгүл Орынбек әлдебір сайттардағы ақпаратты бөлісіп, ұятқа қалғаны бар.
А. Нәби
ФОТО: Ашық дереккөз