Басты жаңалықтарМәдениет
Айгүл Иманбаеваны 21 млн халық жақсы көре ме?

Тойда Айгүл Иманбаеваны көріп қалған көп балалы әншіге қолындағы гауһар білезігін сыйлап жіберді. Танымал адамды көріп толқыған келіншек Айгүлге «Елімізде 21 млн халық болса, соның бәрі сізді жақсы көреді» деп барша қазақстандықтар атынан айтып қалды. Мұны естіген әнші, актриса Иманбаева мәз болып қалды.
Қолындағы қымбат әшекейді шешіп берген тойдағы келіншек Айгүлге «мен сияқты он бала таппасаңызда 8 бала туыңыз деп тілек айтты.
«Бүгін ерекше сәт болды –бір көрерменім жақсы көретінін айтып, құрметін білдіріп, қолыма әдемі білезік салды. Осындай шынайы көңіл мен жылулық үшін алғысым шексіз! ❤️ Қадірменді, менің сүйікті көрерменім, сіздерге алғысым шексіз – мен бәріңізді жақсы көремін🤍!», деп жазды әнші инстаграм парақшасына.
А.Нәби



