Ұландықтар Тәуелсіздік күнін атап өтті
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Шымкенттегі 6506 әскери бөлімінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 33 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.
16 желтоқсанда Қазақстан Республикасында мемлекеттік мереке — Тәуелсіздік күні атап өтіледі. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі және Мемлекеттік Егемендігі туралы заң 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданды. Қабылданған заң бүкіл әлемге Еуразияның қақ ортасында жаңа мемлекет пайда болғанын және кейінгі жылдары біздің еліміз әлемдік қоғамдастықта өзінің лайықты орнын алғанын хабарлады.
“Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын, баршаңызға және жақындарыңызға зор денсаулық, отбасылық амандық және кәсіби табыс тілеймін», — деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде 6506 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары — штаб бастығы полковник Төлеген Шыныбеков.
Іс-шара аясында қызметте ерекше көзге түскен әскери қызметшілер жоғары қолбасшылықтың құқығымен марапатталды. Ефрейтор Анастасия Ивашкина жоғары құрметке ие болды — ол Қазақстан Республикасының Президенті-ел Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан Құрмет грамотасын алды. Марапатты оған Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары Заңғарбек Үсіпахметов тапсырып, оның еліміздің қауіпсіздігіне қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара жеке құрамның салтанатты шерумен өтуімен аяқталды.
А.Нәби