Дирижер елге есеп береді
8 қараша күні сағат 19:00-де QURMANGAZY ORKESTRI концерт залында Құрманғазы оркестрінің 85 жылдығы аясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, профессор, дирижер Айтқали Жайымовтың «Еркін елім» атты шығармашылық кеші өтеді.
Айтқали Жайымов – «Ереуіл атқа ер салмай», «Шалқыма», «Отпан тау», «Толғау», «Балдәурен», «Мен сәлем жазамын», «Кемеңгер Құрманғазы» және т.б. оркестрге арналған шығармалармен күйлер, ондаған романс, әндер, хорлармен бірге жеке домбыраға арналған 30-дан астам күйлерімен әртүрлі аспаптарға жазылған пьесалардың авторы.
Сонымен бірге ол, Халық композиторлары Қорқыт, Кетбұға, Құрманғазы, Дәулеткерей, Түркеш, Махамбет, Тәттімбет, Абыл, Есір, Байсерке, Қартбай, Қазанғап, Сейтек, Сүгірдің күйлерімен, Қазақстан және шет ел композиторларының көптеген шығармаларын халық аспаптары оркестріне лайықтап түсірді.
Аталған кеште Б.Ысқақ, А.Үлкенбаева, А.Қосанова, Б.Мықтыбаев, Х.Қапизов, Т.Хайралиев, Ә.Рахымжан, А.Жайым, А.Әбілда, Ш.Тыныштық сынды өнер майталмандары қатысады.