БілімҚоғамТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Штаттан тыс әскери тілшілер біліктілігін арттырды

Шымкентте ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде мерзімді қызмет сарбаздарының арасынан тағайындалған штаттан тыс тілшілермен бір күндік оқу-әдістемелік жиыны өтті. Бұл іс-шара әскери қызметті ақпараттық жариялау дағдыларын дамытуға және жергілікті БАҚ-пен өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған маңызды оқиға болды.

Жиын «Оңтүстік» өңірлік телеарнасының редакциясына барудан басталды, онда әскери қызметшілер кәсіби журналистердің жұмысымен танысып, ақпараттық контент құру принциптері туралы біле алды. Бұл қатысушылар үшін жаңалықтардың қалай қалыптасып жатқанын және журналистерге қандай талаптар қойылатынын көруге тамаша мүмкіндік болды.

Жиын аясында журналистика негіздеріне, мақала жазуға, сұхбат жүргізуге және аудиовизуалды материалдармен жұмыс істеуге арналған сабақтар ұйымдастырылды. Тәжірибелі мамандар медиа саласында табысты жұмыс істеу үшін қажетті білімдерімен және практикалық дағдыларымен бөлісті.

Журналистикадағы қауіпсіздік пен этика мәселелеріне ерекше назар аударылды, бұл әскери тілшілер жұмысының маңызды аспектісі болып табылады. Жиынға қатысушылар ақпаратты қалай дұрыс беру керектігін талқылады. Бұл тек ақпараттық қана емес, сонымен қатар қоғамның әскерлерге деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.

Бұдан әрі әскери бөлім базасында оқу-әдістемелік жиынға қатысушылармен бөлімшеде ақпараттық жұмысты ұйымдастырудың негізгі нысандары мен әдістері бойынша теориялық және практикалық сабақтар өткізілді.

— «Бөлімшелердің штаттан тыс әскери тілшілерімен оқу-әдістемелік жиынды өткізу әскери бөлімнің қызметтік-жауынгерлік қызметі және әскери қызметшілер қызметінің оң мысалдары туралы жедел әңгімелеу үшін журналистиканың негіздерін зерделеу міндетін қамтиды», — деді әскери бөлімнің тілші-ұйымдастырушы офицері капитан Олжас Әділбек.

Жиынды бригада командирі тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы подполковник Руслан Бектұрсынов қорытындылады. Ол мұндай жиындарды өткізу тілшілердің кәсіби дайындығын арттыратынын атап өтті, сондай-ақ барлық қатысушыларға алған білімдерін іс жүзінде белсенді қолдануға тілек білдірді.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» ӨңҚ баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button