ҚоғамТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Ұландықтарға жауынгерлік қару табысталды

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде 2-2024 шақырылым сарбаздарына жауынгерлік қаруды табыстауға арналған салтанатты рәсімі өтті.

Әскери бөлімге келген жас сарбаздарға, қару-жарақ пен атыс қаруын бекіту оларды әскери ант қабылдағаннан кейін жүзеге асырылады.

Бұл іс-шара әскери қызметшілердің өміріндегі маңызды оқиға болып табылады. Бұл сарбаздардың әскери өмірі толтырылған жауапкершілікті айқындайды.

Қаруды тапсыру дәстүрі өз тамырымен біздің халқымыздың ең жақсы дәстүрлерін, Отанды қорғау ісін бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беруді бейнелейтін елдің алыс өткенінен бастау алады.

Бригада командирінің міндетін уақытша атқарушы полковник Төлеген Шыныбеков өз сөзінде, әскери қызметшілерге жалпыәскери жарғылардың Отанды қорғау үшін өзіне сеніп тапсырылған қаруды қолдануға тұрақты дайындықта ұстау туралы талаптарын еске салды.

— «Қаруға деген сүйіспеншілік, оны ұрыста шебер қолдану — ежелгі дәуірден бастау алған қазақстандық жауынгерлердің даңқты дәстүрі. Бұл дәстүрдің көрінісі бір ұрпақтың Отанын қорғау ісін екіншісіне беруді бейнелейтін қару табыстаудың салтанатты рәсімі болып табылады.

Сіздер әскери істі ынтамен және бастамашылықпен зерделейтіндеріңізге, әскери бөлім мен Ұлттық ұланның даңқты дәстүрлерін сақтап, өз бөлімшелеріңіздің намысын әрадайым қорғайтындарыңызға сенімдімін», — деп атап өтті Төлеген Өркінбекұлы.

Сондай-ақ жас сарбаздарды әскери бөлімнің ардагерлері мен Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері қару алуларымен құттықтады. Олар жауынгерлерге бейбіт аспан мен қызметтеріне сәттілік тіледі.

Айта кету керек, жеке құрамға қаруды тапсыру тәртібі ішкі қызметтің жарғысында жазылған. Әскери бөлімшелерде қаруды алған сәттен бастап әскери қызметшілерге қару-жарақты бекіту туралы бұйрықтар шығарылады.

 

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» ӨңҚ баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button